Оның ішінде: “Пушкинские чтения” атты IV халықаралық әдеби сайыста ІІ орынмен Арина Туранова, Арайлым Дахан, Назерке Абдираш, Сабина Гаппар және І орынмен Нурлытан Мейраш марапатталды, жетекшілері Куралай Амантаевна Байдуллина. Сонымен қатар, Назарбаев Зияткерлік мектебі ДББҰ-на 15 жыл толуына орай Футзалдан …
«Педагогикалық идеялар фестивалінде» ІІ орын жүлдегері атанды.11-12 қаңтар күні Алматы қаласында республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» өтті. Аталмыш фестивальге мектебіміздің ағылшын тілі пән мұғалімі Бегайым Рахымқызы Адилханова қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Сайыста ұстазымыз «A Learning Journey by Be Far and …
Бүгін мектебімізде мектеп түлектері мен 11, 12 сынып оқушылары арасында футзалдан жарыс өтті. Салауатты өмір салтын ұстану және оқушылар мен мектеп байланысын нығайту мақсатын ұстанған бұл спорттық шараның басты қонақтары 2016, 2019, 2020, 2021, 2022 және 2023 жылғы мектеп түлектері …
ІІІ тоқсанның алғашқы күні дәстүрлі “таңғы жиын” іс-шарасымен бастау алды. Мектеп директоры Балкан Маратұлы Касимов жаңа тоқсанда сәттілік тілеп, өткен жартыжылдықтың жетістіктерін атап өтті. Шара барысында мектеп белсенділері марапатталды. NIX WINTER JUMP қалалық баскетбол турнирінде 15-16 жас аралық категориясында 1 …
🌱Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – зияткер жастарды еңбекке, шығармашылыққа баулып, ұлттық және заманауи өнердің сан алуан түрлеріне деген қызығушылықтарын арттыру, ата-аналарды мектеп өміріне жұмылдыру. 🌱Шара барысында Он саусағынан өнер тамған шаңырақ оқушыларының ата-аналары, интернат тәрбиешілері Асильбекова Г.О., Кабланова М.Т. төмендегідей …
Мамандық таңдауда оқушылар бойында жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында өткен сұхбат барысында Ғалымжан Мамырбекұлы залдағы оқушылармен пікір алмасып, өзінің авторлық кітаптарын сыйлыққа берді.Өз мақсатына жету жолында ешқашан мойымай, еңбек ету керектігі жайлы ақыл-кеңестерін айтты. Кездесу өте мазмұнды және қызықты өтті. Шара соңында …
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне орай Дарынды балаларға арналған №1 мамандырылған IT лицей-интернатпен бірге дебат ойыны ұйымдастырылды.Дебат үш тілде 11 сынып оқушылардың қатысуымен өтті. Рухани жаңғыру бағытында ұйымдастырылған дебатта оқушылар өзекті мәселелерді қозғады. Жақтаушы және даттаушы топтар жаһандану үдерісінің құндылықтарға әсерін бірнеше …
Бүгін мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен «READx» жобасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – қызықты адамдардың кітап оқудың пайдасы жайлы тұжырымдаған шабытты баяндамалары арқылы оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту. Бүгінгі кездесудің ерекшелігі онлайн форматта жоба Өскемендегі NIS-пен біріге өтті. «READx» жобасының спикерлері жас …
🌱Қыркүйек айынан бастап оқушылар мен олардың ата-аналары әртүрлі мәселелерді шешуге бағытталған түрлі сессияларға белсенді қатысты. Бағдарлама отбасы құндылықтарын, отбасы бірлігін нығайтуға және мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына қолдау көрсетуге бағытталған іс-шараларды қамтыды. 🌱Бағдарлама жеті бөлімнен тұрады және келесі тақырыптарды қамтиды: …