Back

Дәстүрлі таңғы жиын:

ІІІ тоқсанның алғашқы күні дәстүрлі “таңғы жиын” іс-шарасымен бастау алды. Мектеп директоры Балкан Маратұлы Касимов жаңа тоқсанда сәттілік тілеп, өткен жартыжылдықтың жетістіктерін атап өтті.

Шара барысында мектеп белсенділері марапатталды. NIX WINTER JUMP қалалық баскетбол турнирінде 15-16 жас аралық категориясында 1 орын алғандары үшін 10С сынып оқушылары Бекболат Абай және Дәулет Арнұр, сонымен қатар «Ел үміті» бағдарламасы аясында Елбасы медалінің қола жүлдесін Құршанбек Дәулет,Есқара Мерей, Жақыпова Назерке және алтын жүлдені Бағжан Даниал иеленді.

Сондай-ақ мектеп басшысы Баскетболдан ІІІ желілік спартакиаданың ақтық кезеңінде ІІІ орын алған қыздар командасы мен жаттықтырушысы Ж.А.Данаевты марапаттап, ұйымдастыру шараларына белсенді қатысқан оқушыларға Алғыс хатын табыстады.

Leave A Reply