Back

Ағылшын тілі пәні мұғалімі Бегайым Адилханова республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалінде» ІІ орын жүлдегері атанды

«Педагогикалық идеялар фестивалінде» ІІ орын жүлдегері атанды.
11-12 қаңтар күні Алматы қаласында республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» өтті. Аталмыш фестивальге мектебіміздің ағылшын тілі пән мұғалімі Бегайым Рахымқызы Адилханова қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Сайыста ұстазымыз «A Learning Journey by Be Far and Near» тақырыбында өз идеясын ұсынды. Бегайым Әділханова профессор Curtis J Bonk ұсынған R2D2 моделін пайдалана отырып ағылшын тілін шет тілі ретінде оқитын қазақ тілді оқушыларына арналған электрондық оқыту ортасына шолу ұсынған. Бұл модельдің басты артықшылығы оның Web 2.0 құралдарымен жақсы кіріктірілуі, оқушылардың шығармашылық және жан-жақты болуына, ал мұғалімге тапсырмаларды жеке қажеттіліктерге бейімдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тыңдарман бір елде туып, бірақ әлемнің түкпір-түкпірінде өсіп ер жеткен Z ұрпақ өкілдері терең пікір алмасуға ықпал ететін технологиялар арқылы мәдени мұра мен отбасылық құндылықтарды танып-білудің бір жолын ұстанып, ғаламтор арқылы тағдырдың жазуымен қалай танысқанын білетін болады.
Ұстазымызды жеңісімен құттықтаймыз!

Leave A Reply