Back

⚽✅ЖОЛДАСТЫҚ ФУТЗАЛ ОЙЫНЫ

Бүгін мектебімізде мектеп түлектері мен 11, 12 сынып оқушылары арасында футзалдан жарыс өтті.

Салауатты өмір салтын ұстану және оқушылар мен мектеп байланысын нығайту мақсатын ұстанған бұл спорттық шараның басты қонақтары 2016, 2019, 2020, 2021, 2022 және 2023 жылғы мектеп түлектері болды. Футбол спорт жарысы болса да, ойыншылардың бір-біріне деген бақталастықтары байқалмады. Себебі түлектер өздерінен кейінге жас буынға ағалық кеңестерін айтып, мұғалімдерге өз алғыстарын білдіріп жатты.

Спорттық мерекеге 8 команда қатысып, өте қызықты ойын көрсете білді.
Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын –12 сынып оқушылары;
ІІ орын –11 сынып оқушылары;
ІІІ орын – 2021 жылғы мектеп түлектері иеленді.

Мектеп түлектері арасындағы ынтымақтастығымыз бұдан ары нығая түседі деген үміттеміз.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!👏

Leave A Reply