Back

🌱Тәуелсіздік күніне орай «Шеберлер ауылы» жобасы мен «Сыр мен сымбат» қыздар клубы аясында «Ұлттық қолөнер-тәрбие көзі» тақырыбында ата-аналардың шеберлік сыныптары ұйымдастырылып өткізілді.

🌱Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – зияткер жастарды еңбекке, шығармашылыққа баулып, ұлттық және заманауи өнердің сан алуан түрлеріне деген қызығушылықтарын арттыру, ата-аналарды мектеп өміріне жұмылдыру.

🌱Шара барысында Он саусағынан өнер тамған шаңырақ оқушыларының ата-аналары, интернат тәрбиешілері Асильбекова Г.О., Кабланова М.Т. төмендегідей аспаптық, қолөнер, декоративті-қолданбалы, ағаш секілді өнер түрлерінен шебер сағаттарын өткізіп, көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.

🌱Шара соңында мектеп директоры Касимов Б.М. Зияткер жастарға тылсым өнердің тұңғиығымен танысуға мүмкіндік сыйлағаны үшін барлық қатысушы ата-аналарға алғысын білдіріп, сертификаттарды табыстады.

Leave A Reply