Back

«ДАНАЛЫҚ БЕЙСЕНБІ» жобасы аясында мектеп оқушылары Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Хирургия, анестезиология-реанимация» кафедрасының профессоры, дәрігер-балалар хирургі және нейрохирург Елікбаев Ғалымжан Мамырбекұлымен кездесті.

Мамандық таңдауда оқушылар бойында жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында өткен сұхбат барысында Ғалымжан Мамырбекұлы залдағы оқушылармен пікір алмасып, өзінің авторлық кітаптарын сыйлыққа берді.
Өз мақсатына жету жолында ешқашан мойымай, еңбек ету керектігі жайлы ақыл-кеңестерін айтты. Кездесу өте мазмұнды және қызықты өтті. Шара соңында мектеп директоры қонаққа алғыс білдіріп, сыйлық табыстады.

Leave A Reply