Back

🔰СЕРІКТЕС МЕКТЕПТЕР АРАСЫНДАҒЫ ДЕБАТ ОЙЫНЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне орай Дарынды балаларға арналған №1 мамандырылған IT лицей-интернатпен бірге дебат ойыны ұйымдастырылды.
Дебат үш тілде 11 сынып оқушылардың қатысуымен өтті. Рухани жаңғыру бағытында ұйымдастырылған дебатта оқушылар өзекті мәселелерді қозғады. Жақтаушы және даттаушы топтар жаһандану үдерісінің құндылықтарға әсерін бірнеше аспектілер бойынша талдап, өз позицияларын нақты дәлелдер келтіру арқылы қорғады.

Оқушылардың пікірсайысқа жақсы дайындықпен келгендігі бүкіл ойын барысында байқалып тұрды. Әрбір команда бір-бірінің келтірген аргументтеріне контраргументтермен жауап беріп, өткір сұрақтар қойды. Спикерлердің өткір дәлелдері дебаттың тартымдылығын арттырды.

Ұйымдастырылған шара оқушылардың бойында өз ойын жеткізу, көркем сөйлеу, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, тақырып бойынша зерттеу жүргізу, сыни ойлау, өз ұстанымын дәлелдеу сынды дағдыларды дамытуға ықпал етті.

Шара соңында қатысушылардың барлығы алғыс хатпен марапатталды.

Leave A Reply