Back

🌱Дәстүрлі “READx” жобасы

Бүгін мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен «READx» жобасы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – қызықты адамдардың кітап оқудың пайдасы жайлы тұжырымдаған шабытты баяндамалары арқылы оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту.

Бүгінгі кездесудің ерекшелігі онлайн форматта жоба Өскемендегі NIS-пен біріге өтті. «READx» жобасының спикерлері жас ұрпақты ұлтымызға тән құндылықтарға тәрбиелей алатын көптеген шығармалармен таныстырып, оқыған кітаптары жайлы ой бөлісті.

Іс-шара соңында тыңдаушылар барлық спикерлердің кітап оқудың пайдасы жайлы шабыттандыратын баяндамаларына және де олардың оқыған кітаптарымен ой бөліскендеріне алғыс білдірді.

Leave A Reply