Back

🌱7-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына арналған «Берік отбасы» жобасы өз мәресіне жетті. Бағдарламаның мақсаты – ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, бала тәрбиесінің оң дағдыларын дамыту және балалардың әл-ауқатына теріс әсер ететін отбасылық факторларды азайту.

🌱Қыркүйек айынан бастап оқушылар мен олардың ата-аналары әртүрлі мәселелерді шешуге бағытталған түрлі сессияларға белсенді қатысты. Бағдарлама отбасы құндылықтарын, отбасы бірлігін нығайтуға және мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына қолдау көрсетуге бағытталған іс-шараларды қамтыды.

🌱Бағдарлама жеті бөлімнен тұрады және келесі тақырыптарды қамтиды: махаббат пен шектеулер, отбасылық құндылықтар мен тәртіп, жақсы мінез-құлыққа мотивация, стрессті басқару.

🌱Іс-шараның жабылу салтанатында барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. Мектеп директоры Балқан Маратұлы да жобаның құндылығын атап өтіп, ата-аналарға алғысын білдірді. Өз кезегінде ата-аналар бұл бағдарламаға қатысуға мүмкіндік берген жаттықтырушылар мен мектеп әкімшілігіне алғыстарын білдірді.

-“Бұл бағдарлама баламды жақынырақ тануға көмектесті. Бізге белсенді қолдау көрсеткен шара ұйымдастырушыларына алғыс айтамын және қатысқаннан кейін баламды жақсы түсіне бастағанымды атап өткім келеді”, – деп бөлісті 7 L сынып оқушы Алуа Наурызбайдың анасы Сауле Худайбергенова.

Айта кетсек,бұл жобаны Ұлыбританиядағы Оксфорд Брукс университетінің денсаулық және әлеуметтік салауаттылық мектебі әзірлеген.

Leave A Reply