Back

🌱Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі қаламыздың бірқатар мектептерімен бірлесе отырып, 2023 жылдың 4 желтоқсан күні мектеп ғимаратында елдің егеменді мемлекет құру жолындағы тарихи алғашқы қадамы 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Таратуға тұрарлық идеялар» айдарымен «NIS Talks» жобасы аясында конференция ұйымдастырып өткізді.

🌱Зияткерлік мектептің оқушыларымен бірге бұл жолы шараға жалпы білім беретін қалалық мектептер, №65 Ы. Алтынсарин,№45 мектеп-гимназиялары, С.Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейі және «Parasat AJ», «Алан» халықаралық мектебі, ФМБ НЗМ мектебінің белсенді спикерлері өздерін ойландыратын, қоғамға пайдасы тиетін мәселелерді «NIS TALKS» алаңында ортаға салды.

🌱Бұл конференцияны ұйымдастырудағы негізгі мақсат зияткерлік және қалалық мектеп оқушылары арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнату, өскелең ұрпақтың ғылыми-зерттеу, көпшілік алдында еркін сөйлеу, алуан түрлі көзқарастар мен пікірлерге құрмет білдіру дағдыларын арттырып, көшбасшылық қасиеттерін жетілдіруге ықпал ету болды.

🌱Жас спикерлер таңдауындағы тақырыптарына зерттеу жүргізіп, алуан түрлі пікірлер мен көзқарастарды жан-жақты қарастырғандары көрініп тұр.
Спикерлер өздеріне бекітілген 7-10 минут уақыт аралығында әртүрлі тақырыптарда ой тарқатып, жиналған қауымға өз ойларын жүйелі түрде жеткізді. Мәселен, №45мектеп-лицейінің оқушысы Рахматтелла Аяжан «Причины деградации современных подростков», Alan халықаралық мектебінен Уразбаев Арнур «Путь в мир кода» тақырыптарындағы қызықты презентациялар көрермендердің назарынан тыс қалмады.

Leave A Reply