Back

І тоқсан қорытындысы бойынша ата-аналар жиналысы өтуде

5 күн бойы өткізілетін басқосуға барлық сыныптардың ата-аналары жиналып, мектеп директоры Балкан Маратұлымен бірге оқушылардың оқу үлгерімдері жайында сұрақтар қойылып, тоқсандық қорытынды бағалау нәтижелері талқылануда.

Мәжіліс залындағы басқосуда директор ата-аналар тарапынан келген ұсыныстар мен сұраныстарды тыңдап, мектеп қауымдастығы үшін Зияткерлік оқу ордасының әрбір білім алушысының оқу үлгерімі басты назарында екенін атап өтті.

Сонымен қатар, 7 сыныптардың ата-аналарына мектептің педагог-психолог маманы Махаббат Жаримбетова NIS жүйесінде отбасы құндылықтарын дәріптейтін «Берік отбасы» жобасының құрылымын таныстырып, ата-аналарға белсенді қатысуға шақырды. Сондай-ақ, «Кәмелет жасқа толмағандар арасында деструктивті іс-әрекеттің алдын алу» тақырыбында ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде оқушылардың психологиясына әсер ететін факторларды атап өтті.

Ата-аналар мәжіліс залындағы басқосудан кейін, пән мұғалімдерімен жеке жолығып, балаларының оқу үлгерімі мен тәртібі жайлы ақпарат алуда.

Leave A Reply