Back

«Ынтымағы жарасқан Қазақстан» атты толеранттық күніне арналған дәстүрлі флешмоб сайысы өтті. Бұл сайыс 2017 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Флешмоб сайысына мектебіміздің оқушыларынан құралған 14 шаңырақ тобы бақ сынасты. Бұл сайыстың бір ерекшелігі оқушылардың өнерін өзіміздің әділ қазы алқаларынан бөлек онлайн түрде 7 мемлекеттен әділ қазылар көріп, өз бағаларын береді. Атап айтар болсақ АҚШ, Бразилия, Япония, Германия, Турция елдері. Әр топтың дайындаған биін әділ қазылар образ, энергиялық би, командалық рух, синхрондық, креативтік критерилер бойынша бағалайды.

Сайысқа қатысушылар өте жоғары деңгейде дайындалып келген. Әділ қазыларға шешім шығару оңайға түспеді. Десек те, бас жүлдені «Оқжетпес» шаңырағы, І орынды «Ордабасы», ІІ орынды «Жұмбақтас», ІІІ орынды «Атамекен»тобы жеңіп алды.

Leave A Reply