Қазақстан мен Башқұртстанның көрнекті тұлғалары Мажит Гафури мен Ахмет Байтұрсынұлына арналған конференция өтті

28 ақпан 2024 22:12

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Башқұртстан Республикасының Кемертау қаласындағы Башқұрт республикалық №3 мектеп-интернатының арасындағы меморандум аясында «Ұлт жанашыры болған ақындар» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шара ынтымақтастық бойынша жұмыс жоспары аясында онлайн форматта өтті. Екі жақ оқушылары тұлғалар туралы қызықты презентация дайындап, олардың өмірінің негізгі кезеңдері туралы әңгімеледі. Қазақ және башқұрт ұлттарының әдебиетіне ғана емес, мәдениеті, тіл білімі, дамуы жолында еңбектенген қос алыптың еңбектеріне тоқталды. Қос тұлғаның ағартушылық бағыты бүгінгі күні қалай жүзеге асуда? Олардың еңбектерін бүгінгі ұрпақ қалай бағалайды? сынды сұрақтар қойылып, ортада қызу пікірталас жүрді. Шараны Ақтаудағы NIS директоры Ринат Жұмабаев пен Башқұрт республикалық №3 мектеп-интернаты директоры Шаймурат Тимербулатов қорытындылап, конференцияның жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан жандарға алғыстарын білдірді.