Қазіргі заман білім беру жүйесіне жоғары талаптар қояды. Мектептің білім беру жүйесі бәсекеге қабілетті, жоғары білімді, әлемдік еңбек нарығында сұранысқа ие, өзін-өзі реттеуге қабілетті, шығармашылық тұрғыда дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Өзіне үздік қазақстандық дәстүрлерді, халықаралық тәжірибе мен практиканы үйлестіретін мектепте жаратылыстану-математика бағытында білім берудің инновациялық, көптілділік жүйесінің моделін әзірлеу мен енгізу арқылы Қазақстанның зияткерлік әлеуетін арттыруға ықпал етуді негіз етіп алған Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі қазақстандық жаңа өскелең ұрпақты қалыптастыруда үздіксіз жұмыс жасауда.
Зияткерлік мектептің Қамқоршылық кеңесі өскелең ұрпақты тәрбиелеуде, мектептің жарғысын жүзеге асыруда, мектеп мұғалімдері мен оқушылары үшін қажетті жағдай жасауда аз күш жұмсап жатқан жоқ. Қамқоршылық кеңес құрылғаннан бері мектептің материалдық-техникалық базасын жетілдіруде, білім алушылардың білім алудағы қызметін ұйымдастырудағы мәселелерді шешуде, бұқаралық спорт, мәдени-демалыс іс-шараларын ұйымдастыруда бірнеше рет көмек көрсетіп келді.