Back


Мектептің медициналық қызметі

Медициналық қызметтің мақсаты – оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау.

 

Айнабекова Бибігүл Алдановна

Медбике

Сариева Диляра Абдисаттаровна

Педиатр

Увайдина Акмарал Жамалбековна

Диетолог

Бракераж комиссиясы туралы

“Шымкент қаласындағы химия-биологиялық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мектеп асханасында шығарылатын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды күшейту, тағамдардың атауына, тамақ дайындау сапасына, оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында бракераж комиссиясы құрылды.

Комиссия әрбір оқу жылының басында НЗМ директорының бұйрығымен құрылады. Комиссия құрамына:

– мектеп директоры (комиссия төрағасы)

– директордың қаржы-шаруашылық қызмет жөніндегі орынбасары

– диеталық бикесі

– ата-аналар комитетінің мүшелері (медициналық кітапшаның көшірмесін немесе кеуде қуысының рентгенографиясынан өткені туралы анықтаманы ұсына отырып, әрбір деңгейден бір ата-анадан).

Комиссияның негізгі міндеті – тамақ өнімдері мен дайын тағамдардың сапасын органолептикалық көрсеткіштер бойынша бағалау, НЗМ асханасының жұмысына, тамақ дайындау технологияларының сақталуына, ұтымды тамақтануды ұйымдастыруға, сондай-ақ тамақтан улану мен асқазан-ішек ауруларының алдын алуға тұрақты бақылауды қамтамасыз ету.

Міндеттері:

оқушылардың денсаулығын жақсартуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру; оқушылардың денсаулығын бақылау және оны жақсартуға жағдай жасауға үлес қосу;
салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында санитарлық-ағарту іс-шараларын жүргізу;

Бағыттары:

• Бөлім жұмысын ұйымдастыру
• Емдеу-профилактикалық жұмыс
• Санитарлық-ағарту іс-шаралар

Ұйымдастыру бағыты:

Оқушылардың медициналық құжаттарын сараптау;
Бөлімді дәрі-дәрмек пен медициналық құрал жабдықпен қамту;
мекемелермен келісім шарт құруға (дезинфекциялау станциясы,медициналық қалдықтарды жою мекемесі, мед құралдарды залалсыздандыру мекемесі) қатысу

Медицина қызметінің жұмысы:

Емдеу-профилактикалық бағыт

  • Ауырған және жарақат алған оқушыларға медициналық көмек көрсету;
  • Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында екпе жүргізу;
  • Санитарлық-эпидемиологиялық және емдеу-сауықтыру шараларын жүргізу;
  • Оқушыларды жүйелі түрде медициналық тексеруден өткізу;
  •  

 Санитарлық-ағарту бағыты:

  • Жоспарланған тақырыптарға сәйкес дәрістер, кездесулер өткізіп отыру
  • Ата-аналармен оқушылардың денсаулықтарын нығайту, дұрыс тамақтану және дене күтімі мен жеке бас гигиенасы тақырыптарында  кездесулер, консультациялар ұйымдастыру;
  • Мектепте және жатақханада  санитарлық-гигиеналық  нормалардың сақталуын қадағалау;