КІТАПХАНА
Тастанбекова Гульжамал Нишаналиевна
Аға педагог-кітапханашы
Шарифкалиева Алия Серикалиевна
Педагог-кітапханашы
Мұнда кітапхананың оқырманға қызмет көрсету рөлі емес, кітапхананың шығармашылық, біріктіруші, синтездеу рөлі алға шығады. Заманауи мектеп кітапханасы оқушының танымдық, интеллектуалдық, адамгершілік, рухани қасиеттерін дамытумен тікелей байланысты. Мектеп кітапханашысы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын, ақпараттық және функционалдық сауаттылығын, зерттеу дағдыларының дамуына ықпал етеді. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің кітапханаларында АҚШ, Финляндия, Оңтүстік Корея мектеп кітапханаларының озық тәжірибелері енгізілуде. Мектеп кітапханалары оқырман талабына сай дамып, жаңа келбетке ие болуда. |
Кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету арқылы оқушылар мен мұғалімдердің оқу-тәрбие үдерісі мен өзіндік білім алуын қамтамасыз ету. Оқушылар мен мұғалімдердің қатысатын білім беру жобаларына қолдау көрсету.
Оқырмандардың тәуелсіз кітапхана пайдаланушы дағдыларын қалыптастыра отырып, кітап және басқа да ақпарат көздерін пайдалануды, сонымен қатар ақпаратты іздеу, іріктеу және сыни бағалауды үйрету.
Электронды және сандық білім беру ресурстарының кітапханаларына қолжетімділікті қамтамасыз ету.
|
|
Мектеп кітапханасының кітап қоры Зияткерлік мектеп оқушылары мен мұғалімдерін заманауи білім беру үдерісінің талаптарына сәйкес келетін әдебиеттермен және электронды мәліметтер қорымен қамтамасыз ету мақсатында NIS Programme оқу бағдарламасына сәйкес және баспа нарығы мен кітапхана қорын жинақтаудың халықаралық тәжірибесін талдаудың негізінде жасақталады. Кітапхана қорын толықтыруда мектеп бағдарламасының қажеттілігі, оқушылардың тілдік және жас ерекшеліктерін, оқырмандардың сұранысы ескеріледі. Жалпы кітап қоры оқу, оқу-әдістемелік, көркем және қосымша әдебиеттер мен мерзімді басылымдардан тұратын 27075 дананы құрайды. |
Оқушылардың оқу сауаттылық дағдыларының дамуы оқырмандық құзыреттілігін дамыту, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық және функционалдық сауаттылық, оқырмандардың белсенділігін қалыптастыруға бағытталған бір-бірімен тығыз байланысты жобалар мен акциялардың жүйесі болып табылады.
«Вookсrossing» акциясы – Зияткерлік мектептер желісінде 2012 жылдан бастау алады. «Вookсrossing» – бұл бүкіл мектеп қауымының жалпы білім беретін мектептерге, балалар үйлеріне, «Аналар үйіне» өздерінің оқыған әдеби кітаптарын сыйға тартады. Акция жыл сайын еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында дәстүрлі түрде өткізіледі. Жобаның мақсаты – кітап оқуды насихаттау, сөздік қорын молайту, ой-өрісін кеңейту, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту. Студенттер шағын шығармалар, кітаптың жаңа оқырмандарына тілектер, достарына кітаптарға шолулар жазады. Осының бәрі әдемі безендіріліп, орта мектептерге немесе балалар үйіне беріледі. Оқушылар оқыған кітаптың әсері, оқуға деген қызығушылықтары қалай артқаны туралы дүниетанымдарымен бөліседі, оқуға ұсынатын кітаптарын атап өтеді. | |
«Зияткерлік мектеп оқушыларына оқуға ұсынылатын 100 кітап» – жобасы кітап оқуға қызығушылықты арттыру, тұрақты кітап оқу дағдыларына үйрету, оқушылардың оқу сауаттылығы мен кітап таңдай алу талғамын қалыптастыру мен дамытуға ықпал етеді. Жобаға қазақ классикасының 60 танымал туындысы мен әлем әдебиетінің 40 жауһары (20 шетелдік және 20 орыс классикасы) енген.
Аталған жоба үш тілді жетік меңгеруге, өз халқының тарихын, мәдениетін, әдебиетін танып білуге, жазушылардың шығармашылығын зерделеуге және қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде әдебиетті оқу арқылы тілдік қорын, сөз байлығын арттыруға бағытталған.
Оқу жылы ішінде жобаны насихаттау жұмысы әр түрлі іс-шаралар мен кітапхана сабақтары арқылы жобалар мен акциялар, шығармашылық және әдеби кештер, оқу клубтары, көрмелер, интерактивті ойындар, викториналар, театрландырылған қойылымдар қою арқылы жүзеге асырылады. Кітаптар тізімі |
|
«READx» жобасы – бұл қызықты адамдардың кітап оқудың пайдасы жайлы тұжырымдаған шабытты баяндамасын тыңдауға арналған алаң. Жобасының ұраны: «Оқуға ұмтыл!», «Будь в тренде, читай!» «Because reading matters!». Жобаның мақсаты – қызықты адамдардың кітап оқудың пайдасы жайлы тұжырымдаған шабытты баяндамалары арқылы оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту. READx жобасының форматы оқырмандар бенефисі мен TEDx іс-шарасы секілді кітап оқуды насихаттаудың дәстүрлі және заманауи тәсілдерін біріктіретін кездесу. READx жобасының кездесуі айын 1 рет кез-келген жанрдағы кітаптарға немесе нақты бір ақын-жазушының шығармашылығына орай ұйымдастырылады және жоба спикері ретінде бүкіл мектеп қауымдастығы (оқушылар, мектеп мұғалімдері, қызметкерлері, оқушылар мен ата-аналар) қатыса алады. | |
«Кітап әлемді бағындырады» – Балалар кітап күніне (2 сәуір) және Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күндеріне (23 сәуір) орай акция жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Бір ай ішінде оқырмандар жасырын достары сұраған сүйікті кітабын сатып алып, акция барысында бір-біріне сыйға тартады. Бұл күні мектеп қауымдастығы бір-біріне кітап әрі жылы лебіздерін білдіреді. | |
«Кітапхана ақшамы» – мектеп оқушыларының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, кітап оқуды насихаттауға бағытталған акция. Акцияға барлық оқырмандар қатыса алады және кешкі мезгілде өтеді. Іс-шара аясында кітапхана іші түрлі шығармашылық алаңға айналады. Арнайы кітап желісімен киінген кейіпкер қойылым қойып, кино көрсетіліп, бір бөлігінде түрлі музыкалық құралдармен ән салса, сонымен бірге интеллектуалды ойындар тағы басқа қызықты, креативті шаралар өтеді. | |
«Reading Man» – «Кітап оқитын адам» – мұғалім мен оқушыны бірлесе өткізетін кітапқа қатысты мереке. Іс-шара өтетін күні кітапханаға кітап алуға келген оқушыларға тапсырмалары бар парақшалар беріледі. Оқушылар парақшадағы тапсырманы орындап мұғалімнің қолтаңбасын қойғызады. Оқушы кітапханаға барып қол қойылған тапсыраманы көрсету арқылы сыйлығын алады. Бұл акция кітапханашыға сенімді күшейтіп, баланың кітапханаға қызығушылығын арттыру аясында мектептің әдістемелік бірлестіктері арасында тығыз байланыс орнайды. | |
«Tasty Books» – «Дәмді кітаптар фестивалі» – кітап оқуды насихаттау, оқырмандардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында кітапсүйер қауымды біріктіретін іс-шара. Фестиваль қатысушылары бір шығарма желісі аясында дәмді торт әзірлеп, көпшілікке мазмұнын түсіндіріп, қойылым арқылы ұсынады. Олар кітап немесе әдеби кейіпкер негізінде торт жасауда аспаздық қабілетін көрсетеді. |
- шығу жүйелілігі
- оны тоқтатудың мерзімінсіз құрылған басылымның жариялануын жалғастыруға әлеуетті үрдіс;
- барлық шыққан басылым үшін бірыңғай атау;
- шыққан жылдардың, томның, нөмірлердің шығу санының болуы;
- редактор немесе редакциялық алқасымен бірге жауапты немесе бас редактордың болуы.
Мерзімді басылымдар
https://bilimland.kz/ |
BilimLand – оқуды қызықты әрі тиімді етуге көмектесетін бірегей порталда 40 000-нан астам интерактивті сабақтар, сондай-ақ физика, математика, химия, биология және география пәндерінен виртуалды зертханалар бар. Ресурстар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қолжетімді. |
https://twig-bilim.kz/ |
Twig Bilim – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде математика, физика, химия, география, биология және жер туралы ғылым бойынша 2000-нан астам қысқа оқыту фильмдері мен интерактивті тапсырмалардан тұрады. Twig фильмдері BBS, NASA, Associated Press және NHK әлемдік студияларының архивтері негізінде жасалған. Портал материалдары күрделі құбылыстар мен ұғымдарды қарапайым және қызықты етіп түсіндіреді. |
https://link.gale.com/apps/menu?u=nisshycb |
Gale Cengage Learning – кітапханаларға, мектептер мен ұйымдарға арналған білім беру басылымдары мен сандық зерттеулер саласындағы әлемдік көшбасшы. Нақты және беделді анықтамалық мазмұнымен, сонымен қатар толық мәтінді журналдар мен газет мақалаларын интеллектуалды ұйымдастырумен танымал. Gale оқу ресурстарын әртүрлі форматтарда, соның ішінде веб-порталдар, сандық мұрағаттар, баспа басылымдары мен электрондық кітаптар жариялайды. Gale – бұл: 620 000-нан астам өмірбаяндық мақалалар; 18 600-ден астам анықтамалық мақалалар; қазіргі ғылымның өзекті тақырыптары бойынша контекстік ақпарат; әлемдік басылымдардан миллиондаған толық мәтінді мақалалар; ежелгі әлемнен бүгінгі күнге дейінгі ұлы Мәдениеттер мен қоғамдардың шежіресі; 1900-ге жуық толық мәтінді электронды кітаптар; интерактивті 3D модельдер. 2021 жылдан бастап Зияткерлік мектептердің оқушыларына Gale ресурстарына қолжетімділік берілген. |
https://nis-kz.libguides.com/ |
LibGuides – химия, биология, география, тарих, қазақ тілі, орыс тілі, жаһандық перспективалар, өнер, дене шынықтыру т.б. мектеп пәндері бойынша, сонымен қатар кітап оқуды дамытуға бағытталған жобалар, 7-8 сыныптарға сыныптан тыс оқуға арналған кітаптар топтамасы, IELTS, SAT емтихандарына дайындық, атаулы күндер, өзін-өзі дамыту және ата-аналарға арналған гайдтардан тұрады. Аталған топтамалардан пайдаланушылар пайдалы ақпараттарды, кітаптарға, бейне материалдар мен тегін ресурстарға сілтемелер таба алады. |
КІТАПХАНАНЫҢ ЖҰМЫС УАҚЫТЫ
ДС-ЖМ:
8.00-ден 19.00-ге дейін
үзіліссіз жұмыс істейді
Сенбі, жексенбі – демалыс.
Оқушылардың демалыс уақытында кітапхана жұмысы:
дүйсенбі мен жұма аралығында 9:00-ден 17:00-ге дейін
Үнемі алға жылжу және даму мектеп кітапханаларының жұмыс істеуінің қажетті аспектісі болып табылады. Заманауи мектеп кітапханасы кітаптарды шығаратын және қабылдайтын қойма емес. Оқырманға қазір тек КІТАП қана емес, мүмкіндіктер де қажет екенін заманауи шындық көрсетіп отыр.
Кітапхананың қызмет көрсету емес, шығармашылық, біріктіруші, синтездеу рөлі бірінші орынға шығады. Қазіргі мектеп кітапханасы оқушы тұлғасының танымдық, интеллектуалдық, адамгершілік, рухани қасиеттерін дамытуға тікелей байланысты. Мектеп кітапханашысы оқушылардың сыни ойлауын, ақпараттық және функционалдық сауаттылығын, зерттеу дағдыларын дамытуға көмектеседі.