Мектеп жобалары
100 күй
дәстүрлі қазақ музыкасының шығармаларын зерделеу арқылы оқушылардың санасында рухани-адамгершілік құндылықтарды дамытуға колдау көрсету
NIS Talks
«NIS Talks» жобасының миссиясы «Біз қарым - қатынасты, өмірді және әлемді өзгерте алатын таратуға тұрарлық идеялардың күшіне кәміл сенеміз!»
Менің өмірімде қолданатын мақал-мәтелдер
Мақсаты: Жас ұрпақтың бойында ата-бабамыздан қалған өшпес мұра, қымбат қазынасы мақал-мәтелдерді дәріптеу
NIS radio
Ақпараттық-сауықтыру бағытындағы NIS RADIO жобасының мақсаты - «Қазақ әндері», «Қазақтың 100 күйі» жобалары аясында асыл мұраның жас ұрпаққа насихаттауына үлес қосу.
Reading time
Мақсаты: «100 кітап» - жобасы аясында оқушыларды кітпақа деген қызығушылықтарын ашу.
Қоғамға қызмет
Мектеп ұжымы болып жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту.
Даналық бейсенбі
Қоғам өміріне елеулі үлес қосқан белгілі қайраткерлермен және шығармашыл адамдармен кездесулер ұйымдастыру арқылы зиялы оқушыларды тәрбиелеу, сондай-ақ елде маңызды жобаларды іске асыру үшін өзінің кәсіби дағдыларын дамытуға ықпал ету.
Ұрпақтар сабақтастығы
Зейнет жастағы қариялар мен зияткер оқушылар арасында достық қарым-қатынас орнату
Шеберлер ауылы
Аға ұрпақтың сәндік-қолданбалы шығармашылығы арқылы өскелең ұрпақтың жан-жақты үйлесімді дамуына ықпал ету және эстетикалық мәдениетін, көркемдік талғамын, шығармашылық қабілетін дамыту.
Уикипедия
«Уикипедияшылардың» қауымдастығын құру арқылы энциклопедияның қазақ бөліміндегі мақалалардың саны мен сапасын арттыру
«Ұлы дала ақындары» мен «Замандастар жырлары»
Жоба аясында әр жылда әр мектеп 2 танымал ақынның өмірі мен шығармашылығынан толыққанды ақпарат алып, білім көкжиегін дамыту.
Дәсиүрлі іс-шаралар
Ата-аналармен ұстаздар арасындағы волейбол спорттық жарысы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің ата-аналарымен ұстаздар арасында қарым-қатынасты нығайту мақсатында өткізілетін спорттық турнир. Шаңырақ
«1 қыркүйек - білім күні» мерекесіне арналған салтанатты жиыны
Аяулы да сүйікті мектебіміз жазғы демалысын мәнді өткізіп, сағынышпен алтын ұя мектебіне асыққан 7 сынып оқушыларын құшақ жая қарсы алып, зияткерлер қатарына қабылдады
Тәуелсіздік күнін атап өту
Жас ұрпақтың бойына туған елге, туған жерге деген патриоттық сезімдерін арттыру, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Ұстаздар күні
Ұстаздың адам өмірінде алатын орны зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту.