г.Шымкент, мкр. Нурсат, 1А
приемная +7 (7252) 77-55-34
info@hbsh.nis.edu.kz

Ата-анамен жұмыс

АТА-АНАМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ:

1. ата-аналарды оқыту: семинарлар, тренингтер, дәрістер;

2. жазғы әлеуметтік эксперименттер жүргізу;

3. кәсіптік бағдар: таныстыру, табысты ата-аналармен түрлі салаларда;

4. NIS дәстүрлері: ата-аналар жобасы, «Ақылды бейсенбі» жобасының кездесулері»»;

5. білім беру жүйесіндегі ата-аналардың белсенділігі: оқу сағаттары, іс-шаралар, тәжірибе алмасу;

6. «жеке мысал арқылы тәрбиелеу»: танымал ата-аналармен кездесу;

7. ата-аналардың мектеп өміріне қатысу формалары: мектеп іс-шараларына қатысу, кураторлық сағаттар, шаңырақ сағаты;

8. «мен өз тәжірибеммен балалармен бөлісемін»: клубтар, үйірмелер және шеберлер ауылы;

9. ынтымақтастық: қамқоршылық кеңес, әкелер форумы, аналар форумы, қайырымдылық, еріктілік

NIS және ата-аналар: оқушыларды қолдау

7-12 сыныптардың ата-аналары қатысатын бұл іс-шараның мақсаты ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, психологиялық-педагогикалық саладағы жаңа әдістерді пайдалана отырып, кез келген жағдайда қолдау көрсетуге және түсінуге бағытталған. Баланы дамытуға бағытталған жобалар туралы ақпарат беру.

Әкелер форумы

Мақсаты: әкелерді ата-ана тәрбиесін жүйелі және оңтайлы жүзеге асыруға бағыттау және әке мен бала арасындағы байланысты нығайту, белсенділікті арттыру, тәжірибе алмасу, әкені мектеп өміріне тарту.

Міндеттері:
– баланың ішкі күйзелісі мен қажеттіліктерін түсінуде әкенің құзыреттілігін арттыру;
– ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру;
– әкенің танымдық және эмоционалды өрісін дамыту жолдарын көрсету;
– балалар мен олардың отбасылары үшін жетістік, серіктестік және мейірімділік атмосферасын құру.

Аналар форумы

Мақсаты: аналар мен балалар арасындағы оң серіктестікті нығайту