г.Шымкент, мкр. Нурсат, 1А
приемная +7 (7252) 77-55-34
info@hbsh.nis.edu.kz

Ішкі тәртіп Ережесі

ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері»

шешімімен бекітілген

11.02.2015 жылы (хаттама №5)

 

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушыларына арналған ішкі тәртіп Ережесі

 

1.Жалпы ереже

  1. Негізгі іс-әрекеті білім беру қызметі болып табылатын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушыларына арналған ішкі тәртіп ережелері (ары қарай – Зияткерлік мектептер), Қазақстан Республикасының «Білім беру» заңдылығына», Назарбаев Зияткерлік мектептерінің»( ары қарай – ДББҰ) дербес білім беру ұйымының Жарғысына,Зияткерлік мектептер оқушыларының тәрбие беру саясатына сәйкес жасалған.
  2. Бұл Ереже оқушыларға арналған оқу тәртібін,  оқушылардың сыртқы келбеті мен мектеп оқушысының бірыңғай киім үлгісіне қойылатын талапты, оқушылар мен олардың заңды өкілдерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды, ғимараттағы, Зияткерлік мектеп аумағындағы, сонымен қатар сабақтан тыс уақыттағы барлық іс-шаралар оқушылар тәртібінің негізгі нормалары мен мінез-құлық ережелерін белгілейді.
  3. Бұл Ереженің мақсаты – мектептегі қоғамдастық мүшелерінің –әкімшіліктің, педагогикалық қызметкерлердің, оқушылардың, олардың заңды өкілдерінің  бір-біріне құрмет көрсетуі негізінде   оқушылардың  жемісті академиялық және әлеуметтік өсуіне жағдай туғызатын қауіпсіз, ыңғайлы оқу ортасын құру.
  4. Бұл Ережені мектеп қоғамдастығының барлық мүшелері- әкімшілік, педагогикалық қызметкерлер,оқушылар, олардың заңды өкілдері және Зияткерлік мектептердегі басқа да қызметкерлер орындауға міндетті.
  5. Бұл Ереже жалпыға таныстырылу үшін Зияткерлік мектептердің көрнекті жерлеріне ілінеді, ДББҰ интернет- ресурстарына және Зияткерлік мектептердің сайттарына салынады.
  6. Зияткерлік мектебінің әкімшілігі, кураторлары оқушыларды және олардың заңды өкілдерін бұл Ережемен  төмендегідей жағдайларда таныстыруға міндетті:

1)  Іріктеу байқауына қатысу үшін  құжаттарға қол қойғыза отырып  қабылдау барысында;

2)  қол қоя отырып, Зияткерлік мектебіне түсу туралы   өтініш тапсыру барысында;

3)   ата-аналар мен мектеп жиналыстарында, кураторлық сағаттарда;

  1. Бұл ережелермен шешілмеген мәселелер ДББҰ –ның бекітілген нормативті актілеріне, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.

2.Зияткерлік мектептердегі жұмыс және оқу тәртібі.

  1. Зияткерлік  мектептердің жұмыс тәртібі Зияткерлік мектептердің директорлары  бекіткен  еңбек тәртібі Ережесімен анықталады.Жұмыс аптасының ұзақтығы – Қазақстан Республикасының еңбек заңдылығына сай.
  2. Мектеп оқушыларының сабақтан кейін, демалыс және мерекелік күндерде оқу үрдісіне байланысты болмаса Зияткерлік мектептерде жүруіне рұқсат етілмейді.
  3. Оқу сағаттары сабақ кестесіне сай Зияткерлік мектептердің директорларының бекітуімен және жыл бойында директордың оқу ісі, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының реттеуімен өткізіледі.

Зияткерлік мектептердегі академиялық сағаттардың ұзақтығы 40 минут.

Зияткерлік мектептердің алдын ала  ДББҰ –мен келісе отырып  1 сағаттық (60 минут)  академиялық сабақтарды өткізу құқықтары бар.

Сабақ арасындағы  үзіліс ұзақтығы 5-20 минуттан  кем емес.

  1. Оқу үрдісінің жалпы ұзақтығы, соның ішінде оқу жүктемесінің мөлшері, оқу күндерінің тәртібі ДББҰ-ның білім беру Ережесіне сай реттеледі.

Оқу жүктемесі мен оқу күндерінің тәртібі  Санитарлық ережелерге құрылған «Балалар мен жасөспірімдерге тәрбие мен білім берудің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарынан»  аспауы керек.

  1. Оқу жылындағы оқу апталары мен демалыстардың нақты мерзімдері ДББҰ –ның Басқармасы Төрағасының  оқу жылының басталуы туралы  бұйрығы бойынша  бекітіледі.

 

3.Оқушылардың сырт келбеті мен бірыңғай мектеп киім үлгісіне қойылатын талаптар

  1. Оқушылардың сыртқы келбеті  жалпыға бірдей қоғамдық нормаға сай іскерлік стильде болуы керек және еліктегіш детальдарды қолдануға жол берілмеуі қажет.

1) ұлдар үшін (бозбалаларға) –классикалық қысқа немесе модельді шаш үлгісі;

2) қыздар үшін (бойжеткендерге) –  ұзын шаштың жиналуы, орташа ұзындықтағы шаш қыстырғыштарымен қыстырылуы қажет.

  1. Зияткерлік мектептерінде ДББҰ Басқармасының шешімімен оқушылардың бірыңғай мектеп киім үлгісі бекітілген.
  2. бірыңғай мектеп киім үлгісінің талаптары:

–  киім стилі–  іскерлік,классикалық;

– бірыңғай мектеп  киім үлгісікүнделікті және спорттық болып бөлінеді.

  1. Бірыңғай мектеп киім үлгісін сақтауда тиым салынады:

1) ауыстырып киетін аяқ киім ретінде аяқ киімдердің артқы бөлігі жоқ түрлері (шәркей, «сүйретпе»т.б.), спорттық, кедалар,  биік өкшелі аяқ киімдерді, діни нанымдарды білдіретін белгілер мен киімдерді (хиджаб,никаб,бурка, паранджа,сикх тюрбандары мен иудей бас киімдерін, «ірі» христиандық крестерді және т.б.) киюге,дене мүшелерін жалаңаштауға (қарын, бел, кеуде);

2) көзге түсетін кекіл қоюға, сонымен қатар «панки» үлгісінде шаш қиюға, бозбалалардың бұрым өсіруіне, шашты әр түрлі ашық түсті  бояулармен  бояуға, еліктіретін косметикаға, көз тартатын әшекейлерге, еліткіш пирсингтерге, ашық түсті маникюр жасауға рұқсат етілмейді.

  1. Сыртқы пішіні мен бірыңғай мектеп киім үлгісінің талаптарын сақтамаған жағдайда  педагогикалық қызметкер, куратор оқушыны  сыртқы келбетін қалпына келтіру үшін заңды өкілімен бірге үйіне қайтаруға құқылы.

Зияткерлік мектеп оқушыларына бірыңғай мектеп үлгісіндегі киімсізсабаққа кіруге рұқсат етілмейді.

  1. Бірыңғай мектеп киім үлгісін тігу қызметі бұйымды сату, жұмыс және қызмет көрсету Ережесіне сай, « Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының және Зияткерлік мектеп ұйымдарының жүзеге асыруымен, көрсетілген шығынға бөлінген қолдағы қаражатқа сатып алынады.

 

  1.  Зияткерлік мектеп оқушыларының негізгі құқықтары мен міндеттері
  2. Оқушылар төмендегідей құқықтарға ие:

1) Зияткерлік мектептерінің білім беру бағдарламасына сәйкес сапалы білім алуға;

2)шеттетуге, соңына түсуге, төмендетуге, мазақ қылуға, қызуқандылыққа жол берілмейтін ыңғайлы қауіпсіз ортада     оқуға;

3) оқу үрдісі, сондай-ақ үлгірімі  туралы ақпарат алуға;

4) Зияткерлік мектептердегі оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмысына қатысуға;

5)  Ақпараттық ресурстарды,  спорттық, оқырмандық, акт залын, компьютерлік сыныптарды,кітапханадағы оқулықты, оқу-әдістемелік кешендерді және нұсқаулықтарды  тегін пайдалануға;

6) оқудағы және шығармашылық жетістіктері үшін марапатталуға;

7) сабақ арасындағы үзілістерге, демалыстарға;

8) Зияткерлік мектептерде өтетін элективті курстар жайлы ақпаратжәне пәндік таңдауға қатысуға мүмкіндік алуға;

9) Зияткерлік мектептердің мамандары тарапынан әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық, медициналық көмек алуға;

10)  Зияткерлік мектептердің бірінен екіншісіне белгіленген тәртіппен ауысуға;

11) аталмыш Ереже мәтінін пайдалануға;

12)  лайықты тәртіп түрімен және тәртіп бұзушылыққа қолданылатын шараларментанысуға;

  1.  Оқушылар міндетті:

1)  Бұл Ереженің талаптарын сақтауға, ДББҰ Жарғысын, Зияткерлік мектеп  Ережелерін, Педагогикалық кеңестің және Зияткерлік мектептердегі оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарының шешімін, қауіпсіздік техникасын, өрт қауіпсіздігі ережелерін, әкімшілік пен педагогикалық қызметкерлердің оқу үрдісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы талаптарын орындауға;

2) Зияткерлік мектепке оның оқу тәртібіне сай келуге және себепсіз сабақ босатпауға;

3) Зияткерлік мектептің оқу бағдарламасының талаптарына сай білімді,шеберлікті,тәжірибелік дағдыны, қарым-қатынасты  меңгеруге;

4) Зияткерлік мектептердегі академиялық адалдық Ережесін сақтауға;

5) Зияткерлік мектептегі оқушыларға,әкімшілікке, педагогикалық қызметкерлерге және қатардағыбасқа қызметкерлерге мейірімді де адал болуға;

6)  Заңды өкілдерге үлгерімі, тәртібі, сабақтан тыс уақытын ұйымдастыру әрекеттері жайлы үнемі хабарлап отыруға;

7) Басқа оқушылардың мәртебесі мен тең құқығын құрметтеуге,қысым көретушілік, заң бұзушылық әрекеттерден аулақ болуға;

8) Зияткерлік мектебінің бекіткен бірыңғай мектеп киім үлгісін сақтау, сырт келбетінің талапқа сай болуын қадағалауға;

9) денсаулығына қамқор болып,өзін-өзі шынықтыру мен рухани жетілдіруге ұмтылуға;

10) Зияткерлік мектеп мүліктеріне ұқыптылықпен қарап, сақтау;оқулық пен оқу құралдарын, жабдықтарды (музыкалық аспаптарды, техникалық оқу құралдарын)  жұмысқа жарамды жағдайда ұстап, жұмыс орнында тазалықты сақтауға;

11) Зияткерлік мектеп оқушыларының және қызметкерлерінің өмірлеріне қауіп төнетін болса, ол жағдай туралы әкімшілікке, мұғалімге, кураторға хабарлауға;

  1. Зияткерлік мектепте оқу үрдісіне қолайлы жағдай туғызу мақсатында оқушыларға тыйым салынады:

1) Куратордың рұқсатынсыз Зияткерлік мектепке бейтаныс адамдарды ертіп келуге немесе шақыруға;

2) Оқуға нақты аталған ережелерде бекітілгендей, іскерлік стильге сай  келмейтін лас, үтіктелмеген  киіммен  келуге, түрлі фанаттық қозғалыстарға, кез келген партияларға, діни ағымдарға және т.бтоптарға жататындықтарын ашық түрде жариялауға;

3) Зияткерлік мектепте және одан тыс жерде шылымды, ішімдікті (сонымен қатар сыра, джин-тоник және т.б), еліткіш,уландырғыш, есуастандырғыш заттарды,   нормаға сәйкес келмейтін сөздерді  қолдануға;

4) құмар ойындарды ойнауға, алыпсатарлық тұрғыдағы операцияларды өткізуге;

5)  қаруды, жарылғыш,пиротехникалық, химиялық, тез тұтанғыш заттарды, темекі бұйымдарын,спирттік ішімдіктерді, есірткіні, улы және уытты заттарды,хайуанаттарды, жәндіктерді және басқа да білім беру үрдісі талаптарына сай келмейтін заттарды әкелуге;

6) бағасы  3 АЕК-тен көп тұратын қымбат заттарды (ұялы телефондарды, фото және бейнекамераларды,асыл заттарды, кесек ақшаны  және т.б.) әкелуге рұқсат етілмейді.

Зияткерлік мектеп аталған Ережеде көрсетілген қымбат бағалы заттардың жоғалғаны үшін жауап бермейді.

 

  1. Оқушылардың тәртіп ережесі
  2. Оқушылар Зияткерлік мектепке  сабақтың басталуынан 10-15 минут бұрын, сыртқы келбеті нақты аталған Ереже талаптарына сай таза, үтіктелген мектептің бірыңғай киім үлгісін киіп келеді.
  3. Оқушылар мектепке кіргеннен кейін сырт киімдерін жеке арнайы шкафтарына қалдырады және қажет болған жағдайда аяқ киім ауыстырады.
  4. Сабақтағы тәртіп:

1) оқушы сабақ басталмас бұрын өзінің жұмыс орнын және сынып жұмысына барлық қажетті заттарды  даярлап қою тиіс;

2) педагог қызметкері сыныпқа кіргенде оқушылар тұрып амандасады және мұғалім сәлемдесіп, рұқсат бергеннен кейін отырады. Сабақ кезінде сыныпқа кірген кез келген үлкен адаммен  оқушылар осылайша амандасады;

3) оқушыларға сабақ уақыты тек оқу мақсаты үшін  жұмсалуы тиіс.

Сабақ кезінде шулап отыруға, дауыс көтеруге,  өзін және өзгені басқа сөздермен, ойындармен және сабаққа еш қатысы жоқ бөгде нәрсемен  алаңдатуға болмайды;

4) оқу үдерісіне қатысы жоқ ұялы телефонды және басқа құрылғыларды пайдалануға болмайды.

Барлық техникалық құрылғыларды өшіріп, ал ұялы телефонның дыбысын сөндіріп  үстелден алып тастау қажет. Оқушы ережені бұзған жағдайда педагогикалық қызметкер сабақ кезінде техникалық құрылғыны алып қоюға құқылы. Осы талаптар бірнеше рет бұзылған жағдайда техникалық құрылғы оқушының заңды өкіліне ғана қайтарылады;

5) сабақ кезінде оқушыларға мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға болмайды. Қажет болған жағдайда оқушы педагогикалық қызметкерден рұқсат сұрауы тиіс.

6) сабақ аяқталуы туралы қоңырау мұғалім үшін соғылады. Тек мұғалім сабақтың аяқталуы туралы хабарлағаннан кейін ғана оқушыларға сыныптан  шығуға рұқсат етіледі.

25.Үзіліс кезіндегі тәртіп:

Үзіліс (сабақтар арасындағы уақыт):

1)                сабақ кестесіне байланысты оқушыларға басқа кабинетке (қажеттілік болғанда)ауысуға;

2)                оқушылардың денешынықтыруына және демалуына бағытталған, осы мақсатта оқушыларға дәлізде асықпай жүру ұсынылады;

3)                тамақтануға;

4)                (қажеттілік болғанда) ұялы телефонмен хабарласуға;

5)                мектеп кітапханасына баруға арналады.

Үзіліс кезінде:

1)      өзге адамдардың демалуына кедергі жасауға, қатты сөйлеуге, ұялы телефонмен де  дауыс көтеріп сөйлесуге, айқайлауға, шу көтеруге;

2)      бірін-бірі итеруге, туындаған мәселені шешу барысында күш қолдануға рұқсат етілмейді.

  1. Асханадағы тәртіп:

1)      Зияткерлік мектептің бекітілген жұмыс тәртібі бойынша тамақтану тек арнайы орындарда ғана  рұқсат етілген;

2)      оқушылар жеке бас тазалық ережесін сақтауы тиіс: асханаға сырт киімсіз кіру, тамақтанар алдында қолдарын мұқият жуу;

3)      оқушылар мектеп асханасына асықпай, итермелемей, кезекті бұзбай барады, асханада шуламайды;

4)      асханада тазалықты сақтау қажет, өзіңнен кейін үстелді жинап, қоқысты тастамау керек;

5)      оқушылар буфеттен тамақ алғанда кезекке тұрып, асхана қызметкерлерінің талаптарын орындап, азық-түлікті сатып алу ережесін сақтайды.

  1. Сыныптан тыс шараларды өткізу кезіндегі тәртіп:

1) Қазақстанда немесе елден тыс мемлекеттерде өткізілетін шараларға оқушылар қатыспас бұрын қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша нұсқаулықтан өтуге міндетті;

2)      оқушылар жаппай шаралар өткізілу кезінде  мұғалімнің, куратордың барлық нұсқауын қатал орындауы, жеке өзінің және айналасындағы адамдардың өміріне қауіп төндіретіндей, кез келген әрекеттерден бас тартуы тиіс;

3) оқушылар мектепте және мектептен тыс жерлерде жоғары мәдениет иеленушілері болуы қажет және жергілікті дәстүрлерді, тарихи және мәдени ескерткіштерді құрмет тұтуға міндетті, табиғатқа, жеке және топ мүліктеріне ұқыпты қарауы тиіс;

4) оқушылар тәртіп сақтауы тиіс, бекітілген бағыт бойынша қозғалып, топ жетекшісінің белгілеуімен сол топтың орналасқан жерінде қалу қажет;

5)            жеке бас тазалығын қатаң сақтау керек, денсаулығының төмендеуі немесе алған жарақаты туралы топ жетекшісіне дер кезінде хабарлау қажет;

6) ашық түрде от жағуға (алаулар, шырақтар,  отшашулар,шартылдақтар, оттар және т.б.),       оттың жалындануына себепші болатын химиялық, пиротехникалық және басқа да жарық арқылы берілетін әсерлерді ұйымдастыруға  тыйым салынады.

 

  1. Оқушылардың сабақты  босатуын рәсімдеу тәртібі
  2. Сабақты босатуға дәлелді себептер:

1)      оқушының сырқаттануы;

2)      дәрігердің қабылдауына бару (анықтама қағазы);

3)      отбасы жағдайымен оқу жылында 10 күнге дейін заңды өкілдің жазбаша берілген өтініші және міндетті түрде Зияткерлік мектеп директорының  келісімі бойынша сабақтан босатылады;

4) оқу үдерісі аясында өткізілген пәндік олимпиадаларға,жарыстарға және басқа да шараларға  қатысу;

5)      мектептен тыс ұйымдардың пәндік олимпиадаларға, жарыстарға және басқа да шараларға  қатысуы туралы тапсырыс.

 

29.Оқушы сырқаттануына байланысты сабақты босататын болса, ауырған күні бірден кураторға айтып, ал сабаққа келген бірінші күні анықтама әкелуі тиіс.

  1. Оқушы сабақты Зияткерлік мектептің өткізіп отырған пәндік олимпиадаларына, жарыстарына және басқа да шараларға  байланысты босататын болса, себебін куратор күнделікке  жазады.
  2. Оқушы мектептен тыс ұйымдардың тапсырысы бойынша сабақты босататын болса  төмендегідей тәртіп жүзеге асады:

1)            оқушының заңды өкілі  Зияткерлік мектеп директорының атына жазбаша түрдегі өтінішін береді, оған мектептен тыс ұйымның ресми тапсырысы қоса тіркеледі;

2)            заңды өкілдің  өтініші куратормен келісілгеннен кейін Зияткерлік мектеп директорының бұйрығы шығарылады.

  1. Заңды өкілдер оқушының сабақты босатқан күндеріндегі бағдарлама материалының меңгерілуіне толық жауап береді.
  2. Себепсіз босатылған күндер туралы куратор күнделікке жазады.

Заңды өкілдердің біреуі күнделіктегі жазумен танысқаннан кейін өз қолын қоюы тиіс. Оқушылар себепсіз сабақтарды босатқаны үшін аталған Ережеде қарастырылғандай тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Оқушы сабақты себепсіз қайта босататын болса Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылдың 14 наурызындағы  қаулы және  №317 Ережеге сәйкес  Зияткерлік мектептен шығарылады.

 

  1. Оқушыларды марапаттау (ынталандыру)

34.Зияткерлік мектептің оқушылары оқуда жоғары нәтиже көрсеткені үшін, шығармашылық табыс, спортта, қоғам өмірінде белсенділік танытқаны үшін марапатталады.

  1. Марапат түрлері:

1) алғыс жариялау;

2)құрмет грамотасымен, мадақтау қағазымен марапаттау;

3) «Жыл оқушысы» атағын беру;

5) «Жыл шаңырағы» атағын беру;

4) ДББҰ ғаламтор ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарындамарапат туралы мақалалардың басылуы.

  1. Зияткерлік мектеп оқушыларының тәртіптері мен жетістіктері бойынша марапаттауды Мадақтау комиссиясы басқарады.
  2. Мадақтау комиссиясының құрамы мен жұмыс уақыты әр оқу жылында Зияткер мектептердің директорларының бұйрығымен бекітіледі.

Мадақтау комиссиясынтөраға басқарады, ал оның құрамына мұғалімдер, кураторлар, Зияткерлік мектептің оқушылары, әр екі жыл сайын ауысып отыратын ата-аналар комитетінің өкілдері кіре алады.

Мадақтау комиссиясы мүшелеріөздерінің қызмет әрекетін  2 жыл өтеусіз негізде атқарады.

Мадақтау комиссиясы құрамына тағайындалған адам тағайындалу мерзімі аяқталғаннан кейін Мадақтау комиссиясы құрамына қайтадан сайлана алмайды.

  1. «Жыл оқушысы» атағын беруге кандидатты  «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығында талқылап, Зияткерлік мектептің педагогикалық кеңесінде қаралып, тізім ағымдағы оқу жылының соңғы айының 10-на дейін  Мадақтау комиссиясына тапсырылады.

Мадақтау комиссиясы ұсынылған кандидаттар тізімнен оқушыларды анықтап, бірінші, екінші, үшінші орындарды береді. «Жыл шаңырағы» атағын оқушылар қауымдастығы Кеңесінде, Зияткерлік мектептің педагогикалық кеңесіндеталқылап, тізім ағымдағы оқу жылының соңғы айының 10-ына дейін  Мадақтау комиссиясына тапсырылады.

Кандидаттарды талқылау кезінде пікірлер сәйкес келмеген жағдайда «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы Кеңесінің  пікірі есептеледі.

Мадақтау комиссиясы ұсынылған кандидаттар тізімінен ең жақсы  бір «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығын анықтайды және атақ береді.

  1. Көпшілік алдында мадақтау сыныпта, «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығында, мектеп жиналыстары, педагогикалық кеңес кезінде де ұйымдастырылады.
  2. Зияткерлік мектептің директоры бұл Ережеде қарастырылмаған өзге де мадақтау түрлерін ұйымдастыруына болады.
  3.  Жеке және жалпы (ұжымдық) түрдегі, сондай-ақ оқушыға бір уақытта бірнеше мадақтау түрлерін қатар да жүргізуге болады.
  4. Мадақтаукелесі тәртіпте қолданылады:

1) мадақтау, педагогикалық жұмыскердің ауызша алғысынан басқа, Зияткерлік мектептің директорының бұйрығымен жарияланып, оқушының жеке бас ісіне жазылады.

2)Мадақтау туралы бұйрық оқушының заңды өкіліне, ұжымға салтанатты жағдайда хабарланады.

 

  1. Оқушылардың жауапкершілігі

44.Тәртіп бұзушылық ауырлығы жағынан 3 сатыға бөлінеді:

1)  Жеңіл;

2)  Елеулі;

3)  маңызды.

  1. Жеңіл-желпі тәртіпсіздікке жататындар:

1)  Сабақ үстінде тәртіп бұзушылық;

2)  үнемі сабаққа (тоқсанына 3 реттен көп) сапжиынға, таңертеңгілік жиынға, мектепішілік шараларғакешігу;

3) мектептен куратордың, мектеп әкімшілігінің рұқсатынсыз кетіп қалу;

4) Сабаққа, элективті курс пен үйірмелерге, секцияға, клубтарға себепсіз қатыспау;

5) Қабылданғанбірыңғай мектеп киім үлгісінесай киінбеу, салақ, ұқыпсыз болу;

6) мектепте сырт киім және бас киіммен жүру;

7) себепсіз үй тапсырмасын орындамай келу;

8) Тамақ пен сусынды арнаулы орыннан басқа жерде қабылдау;

9) Зияткерлік мектептің аумағында, одан тыс жерлерде, ғимарат ішіндемінез-құлық ережесін бұзу;

10) Зияткерлік мектептің ішінде және оған тиісті аумақта тазалықты сақтамау;

11) сабақта, сабақтан тыс сағаттарда оқу үрдісін алаңдататын ұялы байланыс құралын, электронды ойындар мен өзге де құрылғыларды қолдану;

12) Зияткерлік мектептің ішкі актісінде қарастырылған мектеп компьютерін қолдану ережесін бұзу.

  1. Елеулі тәртіпсіздікке жататындар:

1) Жеңіл-желпі тәртіпсіздікке жататын тәртіп бұзушылықтың қайталануы;

2) сабақты, элективті курстарды және үйірмелер мен секцияларды, клубтарды себепсіз босату (тоқсанына 3 реттен көп)

2) мектеп әкімшілігі мен куратордың рұқсатынсыз мектептен кету

3) құмар ойындар;

4) Зияткерлік мектептің мүлкін, заңды және жеке тұлғаның мүлкін байқаусызда бүлдіру;

5) мемлекеттік рәміздерді, мемлекеттік әнұранды білмеу және оны орындаудың ережесін сақтамау;

6)  мектеп қауымдастығы мүшелері мен Зияткерлік мектептің қонақтарының ары мен намысына тию;

7) ерсі сөздер мен базыналық, қалыпты емес лексиканы қолдану;

8) Зияткерлік мектеп пен оның оқушылары, жұмысшыларының арын таптайтын материалдар тарату;

9) жеке мәліметтер, фотосуреттер, аудио, бейнежазылымдар, түсірілім сақтау, оқушылар арасында және өзге адамдармен желісіз құрылғылармен(ИК-порт, Bluetooth, радиожиілік т.б.), сондай-ақ ақылы бұқаралық ақпаратқа, соның ішінде осындай әрекеттен құқығы бұзылатын бүкіләлемдік жаһандық желіде оқушылардың, жұмыскерлердің, Зияткерлік мектеп әкімшілігі мен өзге де  заңды және жеке тұлғаның алдын ала келісімінсіз ақпарат беру.

10) Зияткерлік мектептің академиялық адалдық Ережесін сақтауды бұзу;

11) міндетті қоғамдық-пайдалы жұмыс пен шаралардан (сынып бөлмесін, аумақты жинау,әлеуметтік тәжірибелер) бас тарту.

  1. Маңызды тәртіпсіздікке жататындар:

1) Елеулі тәртіпсіздікке жататын тәртіпбұзушылықтың қайталануы;

2) біреулерді тілі, гені, ұлты, діні және басқа да белгілерімен кемсіту;

3) діни көзқарасын таңу және көзін жеткізу, ұлтаралық жауластыруды өршіту, үгіт пен зорлық;

4) Шылымға, ішімдікке немесе нашақорлыққа деген қандайда бір қатысының барлығы, сабаққа мас, наша шеккен және уланған қалыпта келу;

5) қару, жарылғыш зат, пиротехникалық, химиялық, өрт туғызатын заттар, темекі өнімі,спирттік ішімдіктер, наша, уландырғыш заттар мен улар, жануарлар, жәндіктер әкелу;

6) құны 3 АЕК-тен көп бағалы заттар(мобильді аппараттар, фото мен бейнекамера, бағалы заттар, кесек ақша) әкелу;

7)  Зияткерлік мектептің, мектеп қауымдастығы мүшесінің,заңды және жеке тұлғаның мүлкін қасақана бүлдіру;

8) мектеп қауымдастығы мүшесіне, өзге де заңды және жеке тұлғаға психологиялық және физикалық зиян шектіру;

9) ұрлық, бөгде біреудің, мектеп қауымдастығы мүшесінің,заңды және жеке тұлғаның заттарын рұқсатсыз пайдалану;

  1. Тәртіп бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру, Зияткерлік мектепоқушылары арасында тәртіпті нығайту мақсатында Тәртіп комиссиясы құрылады.
  2. Тәртіп комиссиясы құрамы мен жұмыс уақыты Зияткерлік мектеп директорының бұйрығы негізінде әр оқу жылында бекітіліп отырады.

Тәртіп комиссиясын төраға басқарады, оның құрамына мұғалімдер, кураторлар, ата-аналар комитетінің өкілдері кіре алады.

Тәртіп комиссиясы мүшелеріөздерінің қызмет әрекетін 1 жыл өтеусіз негізде атқарады.

Тәртіп комиссиясы құрамына тағайындалған адам тағайындалу мерзімі аяқталғаннан кейін Тәртіп комиссиясы құрамына қайтадан тағайындала алмайды.

  1. Тәртіп комиссиясы қажет болған жағдайда Төрағаның шақыруымен өз мәжілістерінде құзырына жататын мәселелерді талқылайды.

Тәртіп комиссиясы төмендегі сұрақтарды қарастырады:

Оқушылар арасындағы тәртіп бұзушылықты, тәртіп бұзушылықты ескертуге бағытталған тәрбие және алдын алу жұмыстарының жағдайын зерттейді және талдайды;

Мектеп оқушыларының тәртіп бұзушылығына байланысты кикілжің жағдайларды қарастырады;

Оқушылардың тәртібін нығайту, ішкі тәртіп Жарғысы және Ережесін сақтау сұрақтарын қарастырады;

Оқушылардың жеке істерін – тәртіп бұзушылықтарын қарастырады және сәйкесінше шара қолдануға байланысты тәртіптік жазаға пікір ұсынады;

Зияткерлік мектеппен оқушылардың заңды өкілі арасындағы байланыс негізінде кураторлардың тәртіпті нығайту мен алдын алу бойынша жұмыстарының жағдайын тыңдайды;

Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша есепке алынған  жасөспірімдердің мінез-құлқын бақылайды;

Тәртіп бұзуға бейім жасөспірімдерді спорттық секцияларға, үйірмелерге т.б. тартады;

Қиын жас өспірімдермен жеке жұмыс ұйымдастырады;

Жайсыз отбасылармен алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

  1. Тәртіп комиссиясының мәжілісі мүшелерінің үштен екісі қатысқан жағдайда толық құқылы болады.

Тәртіп комиссиясының шешімі мәжіліске қатысқан оның мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.

  1. Тәртіп бұзушылықты қарастырудың негізі болып табылады:

1)       Зияткерлік мектеп директорының атына оқушылардың, педагог – қызметкерлердің, жәбірленген жақтан немесе басқа да тұлғалардың атынан түскен шағым, хабарлама;

2)       Тәртіпсіздік әрекет жасаған оқушылардың өтініші (хабарламасы).

  1. Тәртіп  комиссиясы оқушының тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігі туралы заңды өкілдерінің біріне ескертуге және оқушының жазбаша түрде 1 (бір) күннің ішінде түсініктеме жазуын талап етуге міндетті, оны оқушы заңды өкілімен бірге 1 күн ішінде тапсыруға міндетті.Оқушы түсініктеме беруге қарсы болған жағдайда Зияткерлік мектеп қызметкерлерінен үш тұлғаның қол қоюымен расталған акт жасалады.
  2. Оқушы жазбаша түрде түсініктеме беруге қарсы болған жағдайда оған тәртіпсіздігі жөніндегі шараны қолдануға кедергі жасалмайды.
  3. Зияткерлік мектеп қызметкерінің (мысалы, тәртіпсіздік әрекетжасаған оқушыға  қатысты) тәртіпсіздік әрекетті қарауына оның нәтижесінетура немесе жанама қызығушылық қатысы бармүдделі тараптарға жол берілмейді. Көрсетілген талаптарды сақтамаған жағдайда тәртіпсіздік әрекетті қарастыру нәтижесі жарамсыз деп есептеледі.
  4. Жасалған тәртіпсіздік әрекетін қарастыру барысында Тәртіп комиссиясы келесі жағдайларды тағайындайды:

1)   тәртіпсіздік әрекеті (тәртіпсіздік фактісі) шынайы орын алды ма;

2) ол қайда, қашан, қандай жағдайда және қандай мақсатпен (орны, уақыты, жағдайы) жасалды;

3) ол неден көрінді;

4) тәртіпсіздік әрекетін жасаған тұлға;

5) нақты оқушының әрекет (әрекетсіз) кезіндегі кінәсі, тәртіпсіздікті бірнеше тұлға жасаған жағдайдағы әр оқушының кінәлілігінің түрі мен деңгейі;

6) тәртіпсіздік әрекеттің салдары қандай;

7) оқушының жауапкершілік кінәсін жеңілдететін және ауырлататын жағдай;

8) оқушыны тәртіптік жауапкершіліктен босатылуы мүмкін жағдай;

9) оқушының бұрынғы және бұдан соңғы тәртібі;

10) тәртіпсіздік әрекетінің жасалуына мүмкіндік жағдай туғызған себептер мен жағдайлар;

11) тәртіпсіздік әрекетін дұрыс және әділ тұрғыда қарастыру үшін маңызы бар басқа да фактілер.

  1. Тәртіп мәселесіне қатысушыларының біреуі келмей қалған жағдайқарастыруды кейінге қалдыру үшін негіз бола алмайды.Бұл жағдайда басқа тұлғалардан алынған түсініктемелер мен бар материалдар қарастырылып зерттеледі.
  2. Тәртіп комиссиясы кез келген тәртіпсіздік әрекетті істеу белгілерінің болуы немесе болмаужағдайына қатыстымаңызы бар дәлелі ретінде мәлімдеулер, факт мәліметтердің негізіндетәртіп бұзушылықты тағайындайды.
  3. Дәлелдер ретінде рұқсат етіледі:

1) оқушының түсіндірмесі;

2) куәлердің түсіндірмесі;

3) заттай дәлелдер;

4) құжаттар.

Түсіндірмелер — бұл ауызша немесе жазбаша түрде хабарланатын оқушының тәртіпсіздік әрекетіне және тәртіптік жауапкершілігіне қатысы бар мәліметтер.

Заттай дәлелдер ретінде кез- келген заттар таныла алады:

1)  тәртіпсіздік әрекетін жасаған кезде қолданылған;

2)  оқушының әрекеті бағытталған жағдайлар;

3)  тәртіпсіздік әрекетін жасау нәтижесінде алынған ақша, құнды және басқа да мүліктер;

4)  тәртіпсіздік әрекетінің іздері сақталған заттар және құжаттар.

Құжаттар — бұл тәртіп жөніндегі жаза қолдану туралы сұрақты шешу үшін жазбаша түрде мазмұндалған маңызы бар мәліметтер. Құжаттар жазбаша түрде, сондай-ақ басқаша түрде  тіркелген мәліметтерді білдіруі мүмкін. Оған фото және кинотүсірілімдер, аудио және бейнежазбалар, басқа да ақпарат тасушы көздер сияқты материалдарды жатқызуға болады.

  1. Тәртіп жөніндегі жазаға егер Зияткерлік мектеп оқушысы ауырған жағдайданемесе себепті жағдайлар негізінде (ем қабылдауда болу, туған немесе туысқан адамдарының қазасына баруы, қарсы тұруға болмайтын жағдайлар- форс- мажор) тыйым салынуы мүмкін.
  2. Тәртіп комиссиясы тәртіп бұзған оқушыға бұл Ереженің Қосымшасына сәйкес тәрбиелік шаралар қолданады.

Тәртіп комиссиясының шешімі бойынша бір тәртіп бұзушылыққа жауап ретінде ықпал ететін бір түрі немесе жиынтық бірнеше түрі қолданылуы мүмкін.

Егер тәрбиелік шаралар әсер етпеген жағдайда Тәртіп комиссиясы тәртіп жөніндегі жаза шараларын қолдануға құқылы.

  1. Тәртіп жөніндегі жаза шараларына мыналар жатады:

1)           көпшілік алдында кешірім сұрау міндетін қою;

2)           ескерту;

3)           сөгіс;

4)           қатаң сөгіс;

5)           мектептен шығару.

  1. Тәртіп комиссиясының оқушыны мектептен шығару түріндегі шара қолдану туралы қорытындысы шыққан жағдайда, кезектен тыс Педагогикалық кеңес отырысы шақырылады. Педагогикалық кеңестің шешімі бойынша оқушы Зияткерлік мектептен шығарылуы мүмкін.
  2. Тәртіпсіздік әрекеттері  қарастырылған оқушының, сондай- ақ оның заңды өкілдерінің құқығы бар:

тәртіп бұзушылықты қарастырудың жүруімен танысуға, түсіндірмелер беруге, өтініш білдіруге, дәлелдер келтіруге;

түсіндірмелер беруден бас тарту жағдайында Тәртіп комиссиясының мүшелері оқушының түсіндірме беруден бас тартқандығы туралы хаттама толтырады;

шешім қабылданғанға дейін Тәртіп комиссиясының жұмыс нәтижесін жарияламауды талап етуге;

оқушыға қатысты шығарылған бұйрықтардың және басқа да құқықтық актілердің көшірмесін алуға.

  1. Егер оқушының тәртіпсіздік әрекеттерінен қылмыстық жаза немесе әкімшілік жаза құрамының белгілері байқалатын болса, Зияткерлік мектептің директоры бұл туралы заң орындарының қызметкерлеріне ескертеді.
  2. Оқушыға тәртіп жөніндегі жаза шараларын қолдану туралы шешім Тәртіп комиссиясының немесе Педагогикалық кеңестіңқорытындысы, олардың жасаған тәртіпсіздік әрекеттерінің фактілік дәлелдерінің мазмұнын құраған материалдар негізінде Зияткерлік мектеп директорының жазбаша бұйрығымен бекітіледі.
  3. Оқушыға тәртіп жөніндегі жазаны қолдану туралы негіздеме көрсетілген бұйрықтың көшірмесі оқушыдан, оның ата- анасынан (заңды өкілдерінен)  оны алғандығы туралы қолхат алу арқылы беріледі. Оқушы бас тартқан жағдайда оның ата- анасы (заңды өкілдері)  бұйрықтың көшірмесімен қолхат беру барысында танысады, тапсырыс хат негізінде табыс етілгені туралы ескертумен пошта арқылы жіберіледі.
  4. Егер оқушы бұны оқуға деген адал көзқарасымен  және тағы да бір тәртіп бұзушылық болдырмаған жағдайда Зияткерлік мектеп директоры өзінің бастамасы бойынша, педагог қызметкердің, оқушылардың өзін- өзі басқару ұйымының өкілдерініңөтініші бойынша оқушыдан тәртіп жөніндегі жазаны мерзімінен бұрын алып тастауға құқығы бар.
  5. Тәртіп жөніндегі жаза алынып тасталған сәттен бастап немесе соңғы тәртіп жөніндегі жаза қолданылған күннен бастап алты ай өткен соң ол оқушы тәртіп жөнінде жазасы жоқ деп есептелінеді.

 

  1. Оқушының заңды өкілдерімен өзара әрекеттестік ұйымы
  2. Зияткерлік мектептің педагогикалық қызметкерлерінің, әкімшілігінің оқушының заңды өкілдерімен өзара әрекеттестік ұйымының міндеттері төмендегідей болып табылады:

1)  мектептің өзін- өзі басқару ұйымының көмегімен заңды өкілдерін оқу үрдісіне (ата- аналар комитеті, қамқоршылық кеңес, мадақтау жөніндегі және тәртіп жөніндегі комиссия) тарту;

2)  заңды өкілдеріне оқушыны тәрбиелеудегі педагогикалық білім мен іскерлік туралы (ата- аналар мектебі, ересектер мен балалардың өзара психологиялық қарым- қатынас аспектілері туралы бейнематериалдар) білім беру;

3)  оқу үрдісінде заңды өкілдердің жеке және кәсіби тәжірибесін қолдану;

4)   сыныптың, «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының іс -шараларына қатыстыру арқылы ата- аналардың белсенді ұстанымдарын қалыптастыру.

  1. Оқушылардың заңды өкілдері мен Зияткерлік мектеп педагогикалық қызметкерлерінің, әкімшілігінің әрекеттестік ұйымы төмендегідей болжам жасайды:

1)  оқушының тәрбиесі бойынша жанұясының мүмкіндігін анықтау мақсатында зерттеу жүргізу;

2)  оқушы- ата- ана және жанұядағы жағымдықарым –қатынасты жақсарту сұрақтары бойынша оқушының заңды өкілдеріне кеңес беру.

  1. Зияткерлік мектеп әкімшілігі, педагогикалық қызметкерлері оқушының келеңсіз әрекеттеріне қатысты оны түзету және қайталауды болдырмаумақсатындаоның заңды өкілдеріне балаларының тәртібіне байланысты бірлескен шаралар қолдану туралы хабарлауға міндетті.

Оқушының заңды өкілдері мен Зияткерлік мектеп өкілдерінің кеңесу мақсатындағы әңгімелесуі өткізіледі.

 

11.Оқушының заңды өкілдерінің міндеттері, құқығы

  1. Оқушының заңды өкілдерінің құқығы бар:

1) мектептің оқу үрдісіне, өзін- өзі басқару ұйымының жұмысына қатысуға;

2) Зияткерлік мектеп жұмысын  жақсарту бойынша ұсыныстар білдіруге;

3) оқушының үлгерімі, тәртібі және оқу жағдайына байланысты ақпараттар алуға;

4) оқушының қызығушылығы мен құқығын қорғауға;

5) оқушыны өзге мектепке ауыстыруға;

6) келісім негізінде  оқушыларға арналған қосымша білім беру қызметтерін алуға;

  1. Заңды өкілдер  міндетті:

1) Осы Ережені сақтауға және  ДББҰ  Жарғысымен, Зияткерлік мектеп Ережесімен  бекітілген талаптарды орындауға;

2) оқушыны тәрбиелеу мен оқыту барысында Зияткерлік мектепке қолдау көрсетуге;

3) оқушыны зиянды әдеттерден сақтай отырып оның денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқорлық жасауға;

4) оқушыныңоқуы мен өміріне қауіпсіз жағдайлар туғызуға, оның интеллектуалды және физиологиялық дамуын, рухани қалыптасуын қамтамасыз етуге;

5) оқу аптасындағы оқушының сабақ және пән бойынша күнделікті сабақ кестесін білуге;

6) сабақ басталғаннан 10 минут бұрын мерзімде оқушының  уақтылы сабаққа келуін қамтамасыз етуге;

7) оқушы  тарапанан сабақ үрдісіне  қатысы жоқ бөгде заттардың мектепке әкелінбеуін қадағалауға;

8) сабақ кезінде оқушыны ұялы телефон қоңырауларымен мазаламауға;

9) оқушы тарапынан Зияткерлік мектеп сабақтарына қатысуын қамтамасыз ету, сабақты босату себепті болған жағдайда растаушы құжаттарды ұсынуға.

Босатқан күндердегі  оқу бағдарламасы материалдарын оқушы тарапынан меңгерілуін қадағалауға;

10) ата-аналар жиналысына қатысуға және әрбір тоқсан сайын үлгерім табеліне қол қоюға;

11) оқушы кураторымен үнемі байланыста болуға, күн сайын баланың күнделігін тексеруге және соның растауы ретінде күнделікке қол қоюға.

Куратордан  оқушы жайлы ақпаратты электронды пошта, ұялы телефон арқылы хабарласып алған  жағдайда жауап жазу арқылы  растауға;

12) педагог қызметкерлер және куратормен алдын ала келісім бойынша сабақтан тыс уақытта жолығуға;

13) міндетті алдын алу шаралары бойынша жүргізілетін егулерден бас тарту жағдайларында мектептің медициналық кабинетіне медициналық немесе  алдын алу егулерінен бас тартуды жазбаша түрде  Зияткерлік мектеп директоры  атына ұсынуға;

14) Зияткерлік мектеп мәртебесі мен дәстүрлерін  қолдауға;

15)Зияткерлік мектеп мұғалімдерінің және басқа да қызметкерлерінің ары мен абыройын құрметтеуге;

16)  Зияткерлік мектепке, мектеп қоғамдастығы мүшелеріне, өзге жеке немесе заңды тұлғаларға  оқушы әрекеті салдарынан келген шығындарды өтеуге;

17) Зияткерлік мектептің аумағына шекаралас орналасқан аумақта жолда жүру ережесін сақтауға, машиналарды Зияткерлік мектеп аумағына қоймауға;

18)оқушы тарапынан елеулі немесе  ауыр түрде тәртіп бұзушылық жасалса, зардап шегушілерден жазбаша немесе ауызша түрде кешірім сұрауға.

 

12.Даулы мәселелерді шешу

  1. Оқушылар өздігінен немесе өздерінің заңды өкілдері арқылы Зияткерлік мектеп әкімшілігіне жүгінуге құқылы;

1) оқу үрдісін  жетілдіру, сабақты оқыту сапасы, кітапхананы, асхананы пайдалану тәртібі, медициналық  және Зияткерлік мектеп қызметтерінің өзге құрылым қызметтері, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оқушылардың мүддесін көздейтін басқа да сұрақтар бойынша өтініш білдіруге;

2) Зияткерлік мектеп оқушылары мен қызметкерлеріне шағымдануға.

  1.   Оқушылар тарапынан түскен  даулы мәселелерді   қарастыру оқушы немесе оның заңды өкілінен  мәселенің барлық мән-жайы толық және нақты фактілермен бекітілген  өтініштің негізінде жүргізіледі.
  2. Жасырын түрде түскен сұраныстар Зияткерлік мектеп әкімшілігімен қарастырылмайды.
  3. Оқушылар немесе олардың заңды өкілдерін қабылдау Зияткерлік мектеп Әкімшілігі сол Зияткерлік мектеп директорымен бекітілген кестеге сәйкес,  айына ең кемі бір рет жүргізеді.

 

  1. Қорытынды  ережелер
  2. Осы Ережелер ДББҰ Басқармасы бекіткен күннен бастап күшіне енеді.

80.Бұзақылық  жасаған тұлғаның жауапкершілігін жеңілдететін  немесе басқа тәсілмен оның жағдайын оңды қылатын, бұзақылығы үшін тәртіптік өтеуді жоққа шығаратын Ереженің кері күші бар, атап айтқанда, ол  осы Ережелер күшіне енгенше,  сәйкес қылмыс жасаған тұлғаларға арналады.

  1. Аталмыш Ережелер күшіне енгізілген уақытқа дейін жүргізілген тәртіп жөніндегі жұмыс тәртіп бұзушылықты қарастыру басталған күні әрекет еткен Ережелерге сәйкес іске асырылады.